Мен оған баяғыда "Қабатовтың былшылы" деп ат қойғам - белгілі жазушы

Тұрсынбектің бойында негізІ сатираға деген бейім, қарым-қабілет, талант бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Шығара да алмайсың!

Бірақ өкінішке орай өре жоқ.

Олардың әзілі ауыл қазағын мазақ етуден, кемпірді келеке қылудан, ит болып үруден, шошқа болып қорсылдаудан, жылқы болып кісінеуден әрі аспайды. Өте таптаурын, жаттанды, әр концерті сайын өздері-өздері қайталайды да жатады. Ізденіс, кәсіби сатира атымен жоқ. Бәрі әуесқойлардың деңгейінде.

Әзілдерінің өзі өте қарабайыр. Кейбіреулер мәз болып, күледі, әрине, оның өзі арзан күлкі... Дарақы күлкі... Тек қана күледі... Сатираның мақсаты тек күлдіру емес... Күлдіре отырып жылату, күлдіре отырып ойланту жоқ... Сондықтан мен оған баяғыда "Қабатовтың былшылы" деп ат қойғам.

Айналайын-ау, қайта-қайта ауыл қазағын мазақ етудің, кемпірді келеке қылудың, ит болып үрудің, шошқа болып қорсылдаудың, жылқы болып кісінеудің, сиыр болып мөңіреудің не керегі бар?! Басқа тақырып құрып қалды ма? 

Думан Рамазан,

Фейсбуктегі парақшасынан