Қазақстандық балаларда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлқұжат болуы керек

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 16 жасқа дейінгі балалардың фотосуреттерін ата-аналарының төлқұжатына жапсыруды тоқтату туралы заңға өзгерістер енгізілетінін хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы» заңға сәйкес, кәмелетке толмаған балалар ата-аналарымен бірге олардың суреті жапсырылған құжатпен шетелде шығатын жағдайда Қазақстан Республикасының азаматының төлқұжатына 16 жасқа дейінгі балалар туралы жазба енгізілуі мүмкін.

«Сонымен бірге әлемдегі соңғы үрдістер терроризм мен экстремизм қаупінің артуына байланысты, көптеген елдер өз шекараларын кесіп өтетіндерге өздерінің талаптарын қатаңдатуда. Әлемдік қауымдастық азаматтардың паспорттық-визалық бақылаудан, сәйкестендіру нысандарынан өту жүйесін жақсартып және құжаттарды сандық фото, саусақ іздері, көздің сыртқы мөлдір қабығы секілді биометриялық деректермен рәсімдеп, беруге көшті. Сонымен қатар, ата-аналарымен бірге шетелге шығатын 16 жасқа дейінгі балалардан Қазақстанның азаматы екенін растайтын төлқұжат көрсетуі тиіс екенін талап ететін елдердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Мысалы, Шенген аймағының еуропалық мемлекеттерінде, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа елдерде», – деп хабарлады ішкі істер министрлігінен.

Министрлік атап өткендей, біздің азаматтарымыздың басқа елдердің шекараларын еркін кесіп өтуін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігі 16 жасқа толмаған балалардың суретін ата-анасының төлқұжатына жапсыру туралы заңға өзгерістер енгізеді. Тиісінше, енді 16 жасқа толмаған қазақстандықтарды шетелге шығару үшін жеке төлқұжат рәсімдеу қажет. Ал бұл жаңа заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.