Елдің бәрі тойлайтын туған күнің құтты болсын!


Бүкіл әлем тойлап жатқан Сенің Туған күнің Құтты болсын, Ай-Жан!!  18+ жасыңмен құттықтай отырып, бар бақытты тілейміз!  
 1-ші қаңтар - Жаңа Жылмен бірге Сенің  де туған күніңді атап өтетініміз қандай жақсы!
 Жаңа  Жылың Жақсылықтар мен
Қуаныштар жылы болсын,  алтыным! Шаңырағың шат мереке мен бақ-береке  ордасына айналсын!  Ризық-несібең мол, денсаулығың зор болсын!   Басыңа бақыт, жаныңа жақұт сыйласын!  Ғылым мен ұстаздық  жолындағы  еңбегің  жемісті, тұрмысың  келісті, өмірің жеңісті  бола бергей! Ұзақ өмір мен көркем көңіл тілейміз, көріктім!  Ата-анаңа, туған-туыстарыңа  құдай қуат беріп, өнерпаз Айша қызыңның  өнері өрге тарта берсін!  Алла жар болып, Жұлдызың жана  берсін!

 

Көңілің  ақ   қаңтардағы  қардайын,

Ашық болсын  Ай келбет  қыз маңдайың,

Арай шашып  тұрса қандай ажарың,-

Өмірің де жарқырасын әрдайым!

Ақ  ниетпен,  ата-анасы Бағдат-Жұмагүл, отбасы, қызы Айша, туған-туыстары  және тілектес достары