"Ақ жол" партиясы Шымкент қалалық филиалы құрылды

Шымкент қаласы республикалық мәртебе алуына байланысты "Ақ жол" партиясы Шымкент қалалық филиалы құрылды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Бүгін өткен конференцияда Филиал төрағасы болып, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалын басқарған Әлімxан Әбжанов сайланды.

"Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашов сөйлеп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар бір топ ақжолдықтарды "Ақ жол" партиясы шығарған "Астана қаласына 20 жыл" естелік медалымен марапаттады. "Ақ жол" партиясына жаңа мүшелерге партия билетін тапсырды. 

Конференция жұмысына "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса мен партияның ОК xатшысы Арман Сқабылұлы қатысты.

Ендігі кезек Түркістан облыстық филиалын құру қаңтар айына жоспарланып отыр.