"Қазақстан Барысы-2017" жеңімпазы допингпен ұсталды

"Қазақстан Барысы-2017" жеңімпазы Еламан Ерғалиевтің допинг сынамасында тыйым салынған препарат табылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл мәліметті Ұлттық антидопингтік комитет растады. Тексеру шаралары жүріп жатыр, сол себепті оның қан құрамынан табылған препарат пен қанша мерзімге спорттан шеттелетіні туралы әзірге айтылмайды.

2018 жылы қарашада 23 жастағы Еламан Ерғалиев Қазақстан біріншілігінде допинг сынамасын тапсырған еді, сол жарыста ол екінші орын алды. 2017 жылы Қызылорда облысының балуаны "Қазақстан Барысы" атанып, 25 миллион теңге сыйақы алған еді.