Ұлықбек Есдәулет: Ұлттық арна Қабатовсыз өмір сүре алмаса, сауатты редактор қойсын

6733
5
Бөлісу:

Жақында ғана бес баланың әкесі атанған Тұрсынбек Қабатов сынның астында қалды. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Тұрсынбек Қабатовты сынға алды. Жазушы Қабатовты қазақ тілін шұбарлады деп айыптады, – деп жазды stan.kz.

Ұлықбек Есдәулет Тұрсынбек Қабатовтың тілді шұбарлайтынын айтып, өкпесін жеткізді. Ұрпақ тәрбиесі үшін сахнада қазақ тілін дұрыс сөйлеуі тиіс деп сынады. “Қазақстан” ұлттық арнасынан басшылығынан олқылықтың орнын толтыруды сұрады.

“Қабатовтың әзілін көрдім. Әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне аударылған сөздер жайлы әзілі керемет болды. Бірақ Қабатовтың өзі аудармалармен бірге өзі де тілін тазаласа екен деген тілек бар. Егер ұлттық арна оның әзілінсіз өмір сүре алмайтын болса, Тұрсынбектің сөзін жөндейтін сауатты редактор қойсын. Арна басшысы Ерлан Тынымбайұлы “Тілді таза сөйле, шұбарлама, орыс сөзін араластырма” деп талап қоюы керек деп ойлаймын. Қандай жұлдыз болса да, сахнаның киесін ұмытпасын”, – дейді жазушы желідегі парақшасында.

Желі қолданушыларының бірі жазушының сөзін қостаса, бірі Қабатовты қолдады. Керісінше Қабатовтың қазақ тілінің тазалығы мәселесін көтеріп жүрегенін айтып ақтады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Зейнолла Абажан 26 Желтоқсан, 2018 12:32 Жауап

    Қабатовты емес, біздің барлық телеарналардың жұмысын жөндеу керек. Бағдарламалардың көбісі орысшадан көшірме. Сөз саптауларын адам түсініп болмайды. Ас үйде айтылатын әңгімеге айналып кеткен. Телеарна бүкіл халық көз тігіп отырған айна болған соң абайлау керек.

  2. Бірлікті Шәрімбайұлы 31 Желтоқсан, 2018 10:22 Жауап

    Қабатов. Әзілдері керемет-ақ. Оған таласым жоқ. Бірақ, сахнада тұрып та, теледидар арқылы да қазақтың тілін шұбарлағаны бірінші рет пе? Үнемі осылай. Барлық бағдарламасын алып қараңыз. Өзің тілді шұбарлап тұрып, өзгені сынау, жығылып жатып сүрінгенге күлумен тең. Сол арқылы сыныңның бағасы төмендейді. Өзің сынға ұшырайсың. Түптеп келгенде тағы да сол тіліміздің қадірі қашады.
    Біз өзі осындай халықпыз ғой.Қандай мәселе болмасын, сол мәселенің майын ішкен мамандар емес, жығылып жатып сүрінгенге күлгендер ақыл айтқыш. 27 жыл ішінде тілге қатысты кімдер ақыл айтпады, жазбады десеңізші? «Керемет» пікірлер, қазақ тілінің қадірін қашырып, мәселенің сұрпайылығын асырып жіберді. Қадірінің қашқаны соншалық, тіпті жас ұрпаққа білім беретін оқулықтардың өзін қате-қате жаза беретін болдық. Оны жазған авторлар да ұялмайды, оны басып шығарған баспагерлер де ұялмайды. Себебі қадірсіз дүние кімнің жанын ауыртады? Кімге керек? Міне, қазақ тілінің қадірінің деңгейі.
    Жығылып жатып, сүрінгенге күле берейік, ағайын.

  3. Нарбота 25 Мамыр, 2019 09:22 Жауап

    Ата дәстүрден аттамай, ата-баба аманатын болашақ ұрпаққа қиянатсыз жеткізейік деген аға буынның ескертуін Тұрсынбек «құп, аға» десе кішірейіп кетпес.Өнерінің өрлеуіне де себебі болмас.

  4. Бакытбек 23 Тамыз, 2019 11:32 Жауап

    Колдаймын.Тіл тазалыгын ең бірінші бұкаралык ақпарат кұралдарында катаң сакталуы кажет.

Пікір немесе жауап жазу

2 × 4 =