Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатына себеп болды (видео)

Жамбылда мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепші болған полицей уақытша қызметінен шеттетіліп, оған қатысты тексеріс жүріп жатыр. Ішімдікке сылқия тойған тәртіп сақшысы жеке машинасымен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, өзге көлікті соққан, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Тәртіп сақшысы аяғына әзер тұрғанымен есін еміс-еміс білетін тәрізді. Өйткені жабыла ұялы телефонға түсіргендерден бет-жүзін жасырып әлек. Ақыры бұл көріністер әлеуметік желіге тарап, дау туғызды. Ал құдай сақтап оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Бірақ тәртіп сақшысы апат болған жерден қашып кетуге әрекет қылыпты. Алайда, оның сытылуына куәгерлер жол бермеген.

30 жастағы мас қызметкер Шу аудандық полиция бөлімі учаскелік инспектордың көмекшісі болып шықты. Қазір ол қызметінен уақытша босады. Бірақ бұл оқиғадан кейін оның қайта жұмысқа келуі екіталай.