АҚШ-тың Сыртқы барлау қызметі әлемдегі ең қауіпті Мемлекеттің атын атады

Қытай АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін Ресейден де ең қауіпті мемлекет. Бұл туралы АҚШ Сыртқы барлау және қауіпсіздік Ұлттық орталығының директоры Уильям Иванина BBC арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, Қытайдың қасында Ресейден келетін қауіп түк те емес.

«Бұл АҚШ ішіндегі мәселелерге ғана қатысты емес. Қытай экономикалық қауіпсіздік, әскери қарым-қатынас және жаһандық деңгейден алғанда өте қауіпті. Қытайдың стратегиялық мақсатына назар аударсаңыз жеткілікті — геосаяси, әскери және экономикалық тұрғыдан жаһандық көшбасшы болу, Бұл мақсатқа жету үшін Қытай барлық айла-шарғыны қолдануда. Бұл АҚШ-тың ғана емес, бар әлемнің алдындағы күрделі мәселе», — деп топшылайды Иванина.

Тек соңғы бірнеше айда ғана АҚШ Әділет министрлігі Қытайдың 20 заңды және жеке тұлғасына айып таққан. Сыртқы барлау орталығының басшысы мәлімдегендей, Қытайдың тыңшылары америкалық жоғарғы оқу орындарында, стратегиялық маңызы бар нысандарды астыртын әрекет етуде.

«Біз жыл сайын Қытайдың 350 000 студентіне грант тағайындаймыз. Бұл Қытайдың арнайы қызметтері үшін керемет мүмкіндік, студенттер арқылы олар қажетті технологияларды ұрлай алады», — деді ол өз сөзінде.