НҰР-АЙланып, шырайлана бер, НҰРАЙ!

13478
1
Бөлісу:

 

Бүгін Астанадағы Алтынбай бауырымыз бен Алма келініміздің  сүткенжелері, біздің сүйкімді  Нұрай қызымыздың туған күні!  Астананың аязын Нұрайдың қуанышы жылытып тұр десек те болады.

«Алтын Алма» отбасылыық ансамбльдің ең кішкентай және ең басты мүшесі Нұрай Сәдуақас  ән айтқанда елді сүйсіндіретін,  би билегенде мың бұралатын талантты қыз. Әлемге әйгілі ақын Мұхтар Шахан атасы рухты әндерін қазір белгілі әншілерге емес, осы біздің Нұрайымызға сеніп тапсырады. Атақты ақынның  шығармашылық кештерінде де Нұрай өнер көрсетіп жүр. Өйткені Нұрай қандай нәзік, кішкентай болғанмен, керісінше дауысында  күшті рух пен әсем әуез бар.

Атыңа сай Нұр-Айланып, шығармашылықта шырайлана бер, Нұрай қызымыз!

Аспанында  өнердің  қалықтағын,

Күреседі  ұлты үшін анық дарын.

Алла жар боп, Жұлдызың жарқырасын,

Әуеніңмен  әлемді   шарықтағын!

Ақ  тілекпен,  Қазыбек атаң, Жәннат апаң және  Әзірет-Шырын,  Қаныш, Әмина, Иманғали

 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

бір + бір =