Мейрамбек Беспаев Роза Рымбаеваның өзіне қатысты пікіріне жауап берді

4528
2
Бөлісу:

Танымал қазақстандық әнші Мейрамбек Беспаев өзіне «даусы жоқ» деп баға берген Роза Рымбаеваның пікіріне қатысты жауап берді. Қазақстанның Халық әртісі Роза Қуанышқызының отандық бағдарламаға берген сұхбаты оқырман арасында қызу талқыға түсуде. Көпшілік Беспаевты «даусы жоқ» деп атағаны үшін әншінің өзін сынап, пікір қалдыруда, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

“Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағамды көтерем деп, менің әпкем – қазақтың біртуар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік!” – деп пікірін білдірді Беспаев Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген Роза Рымбаева Мейрамбектің асқан даусы болмаса да, оны бүкіл халық жақсы көретінін, өзі де жақсы көріп тыңдайтынын айтқан болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Зейнолла Абажан 26 Желтоқсан, 2018 11:35 Жауап

    Осындай өсең-аяңдар шаршатып жіберді. Басқа көтеретін мәселе болмағаны ма бізде. Әртістердің көрген түсіне дейін жазатын болдық қой, ол кімге керек? Олардың басқан ізін аңдып отыру сәнге айналып кетті. Керек болса, аяғымен емес, бастарымен жүрсін. Олар кім еді соншама, өздерің сияқты екі аяқты адам емес пе?..

  2. Бірлікті Шәрімбайұлы 31 Желтоқсан, 2018 10:58 Жауап

    Қазақ халқында тұңғыш рет әншілігімен Еуропаға барып, Парижді тамсандырған Әміре бабам болса, сол Еуропаны аузына қаратып, қазақта тұңғыш рет Еуропаның ең үздік деген ән байқауларының жеңімпазы атанған – Роза Рымбаева. Басқа кімің бар?
    Мейрамбек Розаның өнердегі інісі. «Даусы жоқ» деп нені айтқанын ұқпастан соншама шулағаны несі? Мейрамбектің әншілігін сынап отырған жоқ қой. Біле білсеңіздер, қазіргідей екінің бірі 2 ән айтып әнші әрі қазақ сахнасының жұлдызы атанып жүрген заманда, Мейрамбектей қоңыр дауысты, сырлы, ойлы ән шырқайтындар кемде-кем. Оның қасиетті домбыраның құлағында ойнайтындығының өзі бір төбе. Роза да, Мейрамбек те – қазіргі қазақ әншілік өнерінің қадірін, кәсіби деңгейін түсірмей, өрге сүйреп келе жатқан ТҰЛҒАЛАР. Әміре бабамның ізбасарлары.

Пікір немесе жауап жазу

1 × 2 =