Роза Рымбаева: Мейрамбек Бесбаев деген әнші бар, оның түк даусы жоқ

«Если честно» бағдарламасының қонағы болған танымал қазақстандық әнші Роза Рымбаева қандай әндерді және қандай әншілерді тыңдағанды жақсы көретінін айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық әншілердің көпшілігін сүйіп тыңдайтынын жасылмаған Роза Қуанышқызы Әміре деген атпен танылған Ернарды өте керемет дауыс иесі деп мақтап, оның өнерін жақсы көретінін айтты. Роза ханымның сөзінше, Әміре музыкалық талғамы биік лирик, романтик әнші. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта даусы керемет әншілердің бірі.

Сонымен бірге, Роза апайымыз халықтық әндерді орындап жүрген Айгүл Елшібаева мен Елмира Жаңабергенова сынды терме орындаушыларын сүйіп тыңдайынын да айтып өтті.

Ал, эстарда жұлдыздарының ішінде керемет даусы болмаса да, жаны, музыкалық талғамы үшін жақсы көретін әншілер де бар екенін жасырмады.

«Мейрамбек Бесбаев деген әнші бар ғой, оның мүлде даусы жоқ. Мен оны қатты жақсы көремін. Оны бүкіл халық жақсы көреді. Мейрамбекті кең диапазоны үшін емес, жақсы музыкалық талғамы, жаны үшін жақсы көреді. Міне, осы әншілердің даусы орташа»,- деді Роза Рымбаева.