Айтысқа жиналған халық Ринат Зайытов үшін шу шығарды (видео)

Елорданың 20 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздік мерекесіне арналған VII "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысында залға жиналған жұртшылық Ринат Зайытов үшін шу шығарды.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ютуб желісінде жарияланған бейне жазбада халықтың Ринат ақын үшін 10 деген баға сұрағанын анық байқалады. Жиналған ел ду қол шапалақтарын тоқтатпай, "Ринат" деп қосыла айғайлады.