Белгілі ақын Қазыбек Иса "ПАРАСАТ" орденінің иегері атанды

Белгілі ақын, "Ақ жол" ҚДП төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Елбасының Жарлығымен "Парасат" орденінің иегері атанды.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

- Аллаға шүкір, еңбегіміз еленіп, Елбасының Жарлығымен "Парасат" орденімен марапатталдық! Алаштың 101 жылында 13 желтоқсанда, Тәуелсіздік күні қарсаңында "Алаштың ХХІ ғасырдағы Ақ жолы" жалпыұлттық байқауы қорытындысы мен "Ақ жол" партиясының ХІV құрылтайында осындай жоғары марапатқа ие болғанымызды жақсылыққа жорыдық. Американың Нью-Иорк қаласындағы Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті форумынан мерейлі оралғанда бұл да бір күтпеген сый болды! Жұғысты болсын, xалайық!Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! - деп жазды белгілі ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Қазақ үні" ақпарат агенттігі мен газетінің ұжымы "Қазақ үні" ЖШС президенті Қазыбек Жарылқасынұлы Исаны бұл марапатымен шын жүректтен құттықтап, толайым табыстар мен игі жақсылықтарды тілейді.

qazaquni.kz