Тағы бір вице-министр «Болашақ» бағдарламасының грантына ие болды

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова «Болашақ» бағдарламасының стипендиясына ие болды деп жазады Tengrinews.kz.

Жүнісбекова АҚШ-тағы Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы мемлекетті басқару мектебіне түскен. Алайда, ол қызметіне байланысты оқуын бірнеше жылға кейінге қалдырған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева да "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқып келген болатын.