Отандық мұнай компаниясын қытайлық азамат басқарады
2018 ж. 28 қараша
3533
1
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болып Лю Цзиньчэн тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтының дерегін негізге алып. Ақтау қаласындағы ірі мұнай-газ компаниясының басшылығы ауысты. Бас директор қызметіне бұрынғы бас директордың бірінші орынбасары болған Лю Цзиньчэн келді.
2008-2014 жылдар аралығында Лю Цзиньчэн «CNPC – Ай Дан Мұнай АҚ-тың президенті болып қызмет атқарған.
2014-2018 жылдар аралығында «Buzachi Operating Ltd» компаниясында бас директор болған.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ - қазақстандық мұнай-газ компаниясы. Штаб-пәтері Ақтау қаласында орналасқан аталмыш компания еліміздегі ірі компаниялардың бестігіне кіреді.