БЕГІМАЙДЫҢ ӘНІ ТУДЫРҒАН ЖЫР (видео)

Бөлісу:

 

Тарихта махаббат дастандары аз емес. Соның бірі де, бірегейі де,  18 жастағы Ару Бегімай мен алпыстан асқан ақын Ыраймалының махаббатын сол қоғамдағы түсінбеген тобыр қос ғашықты отқа өртеді…

Ал бүгінгі күннің Бегімайы мен Ыраймалылары қандай күй кешуде? Танымал ақын Қазыбек Иса осы тақырыпты өлеңге арқау етті.  Ақынның  ғашықтық жырын оқырман қауымға ұсынамыз.

БІЗ БӘРІБІР БІРГЕМІЗ
Бегімайдың әнін тыңдап жүргенде,
Мен де бүгін саған, күнім, жолықтым.
Ғашық болған ақынды ақтап бір демде,
Жүрегімнің барын білдім – соны ұқтым…
 
Туылсақ та сен кештеу, мен ертелеу,
Бізді босқа жолықтырған жоқ құдай…
Еркем, саған жарасады еркелеу,
Аялаймын, бойымды өртеп от бұлай…
 
Түсінер ел –
асқан кезде арнадан,
Ақынды бұл сөзі құнды, көзі -мұң…
Біздер, жаным, тілейік бір Алладан,
Бегімайдың тағдыры емес, сезімін…
 
Жанғандарды Маxаббаттың отына
Неге өртеді тобыры өңкей түнектің.
Тап болмай біз соқырлардың сотына,
Өртенейік жалынына жүректің!..
 
Құлай сүйдім-
Түсе алмай бір байыпқа,
Кінәлайды ойлайтындар тым қысқа…
Ару болып тусаң айым, айып па,
Сұлулыққа ғашық болсам, қылмыс па?!.
 
Қиындықтың бәрін бірге жеңерміз,
Күллі әлемнен Күттім сені, біле біл…
Елігім-ау, кездеспесек егер біз,
Әділетсіз болар еді бұл өмір!..
 
Саған, жаным, алып ұшып жетейін,
Бір көруге кедергі екен тегі не?.
Еркем, сені ертіп алып кетейін,
Ел бармаған Ертегілер еліне!
 
Тосқауылдар жолымызда жоқ емес…
Оның бәрін, жаным, жақсы білеміз…
Көңілдерден кетпес мәңгі көп елес –
Біз бәрібір бірге өмір сүреміз!
 
Қазыбек ИСА
25.11.2018.
qazaquni.kz

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 22 пікір жазылған

  1. Кәусар Керім 28 Қараша, 2018 15:20 Жауап

    Мынадай мөлдір махаббатты жырлаған ғажап жырды ғашықтық ғаламатын сезбеген, өз басынан өткізбеген ақын жаза алмайды…???

  2. Qulajan 30 Қараша, 2018 00:11 Жауап

    Шын маxаббатты шынайы сезінетіндер ақындар ғой! Қазыбек аға, мөлдір сезімді жырлаған өлеңіңізді оқып, терең сырыңызды білгендей болдым! Аман болыңыз! Жырыңызға арқау болған шын ғашықтар шын бақытты жандар екен!

  3. Qulajan 30 Қараша, 2018 00:11 Жауап

    Кәусар сіңілім дұрыс айтасың. Шынында «Мынадай мөлдір махаббатты жырлаған ғажап жырды ғашықтық ғаламатын сезбеген, өз басынан өткізбеген ақын жаза алмайды!» Қазыбек аға, бұған не дейсіз?

  4. Cапар Әлі 30 Қараша, 2018 11:04 Жауап

    Мына өлеңге мықты композиторларымыз ән жазса қатып кетер еді!!. Тебіренерлік терең ойлы, шалқар сезімді жырға ән жаза алатын кім бар екен?

  5. Cапар Әлі 30 Қараша, 2018 11:05 Жауап

    Осы Бүгінгі Бегімайлардың суретін де салу керек еді, таныс болатын едік…

  6. Сәтбай 1 Желтоқсан, 2018 12:04 Жауап

    Енді осындай мөлдір махаббат туралы жүректен шыққан өлеңге әдемі ән жазылса жақсы болар еді

  7. Cапар Әлі 1 Желтоқсан, 2018 12:22 Жауап

    Фейсбукта «осы махаббат жырының тексін жариялаңыздаршы, видеодан жазып ала алмаймыз, қиын ғой.»-деген Іңкәрдың өтінішіне қосыламын. Шынында да, алдымен бұл ғашықтық жырының тексін жариялау керек!

  8. Қазыбек Иса 1 Желтоқсан, 2018 12:46 Жауап

    Өлеңді жариялау туралы оқырмандар сұрауын орындау парызымыз. сондықтан өлең мәтінін алда жариялайтын боламыз.

  9. Кәусар Керім 2 Желтоқсан, 2018 01:49 Жауап

    БІЗ БӘРІБІР БІРГЕМІЗ

    Бегімайдың әнін тыңдап жүргенде,
    Мен де бүгін саған, күнім, жолықтым.
    Ыраймалы ақынды ақтап бір демде,
    Жүрегімнің барын білдім – соны ұқтым…

    Туылсақ та сен кештеу, мен ертелеу,
    Бізді босқа жолықтырған жоқ құдай…
    Еркем, саған жарасады еркелеу,
    Аялаймын, бойымды өртеп от бұлай…

    Түсінер ел –
    асқан кезде арнадан,
    Ақынды бұл сөзі құнды, көзі -мұң…
    Біздер, жаным, тілейік бір Алладан,
    Бегімайдың тағдыры емес, сезімін…

    Жанғандарды Маxаббаттың отына
    Неге өртеді тобыры өңкей түнектің.
    Тап болмай біз соқырлардың сотына,
    Өртенейік жалынына жүректің!..

    Құлай сүйдім-
    Түсе алмай бір байыпқа,
    Кінәлайды ойлайтындар тым қысқа…
    Ару болып тусаң айым, айып па,
    Сұлулыққа ғашық болсам, қылмыс па?!.

    Қиындықтың бәрін бірге жеңерміз,
    Күллі әлемнен Күттім сені, біле біл…
    Елігім-ау, кездеспесек егер біз,
    Әділетсіз болар еді бұл өмір!..

    Саған, жаным, алып ұшып жетейін,
    Бір көруге кедергі екен тегі не?.
    Еркем, сені ертіп алып кетейін,
    Ел бармаған Ертегілер еліне!

    Тосқауылдар жолымызда жоқ емес…
    Оның бәрін, жаным, жақсы білеміз…
    Көңілдерден кетпес мәңгі көп елес –
    Біз бәрібір бірге өмір сүреміз!

    Қазыбек ИСА

Пікір немесе жауап жазу

11 + 8 =