Айқай-шумен қойылған валидаторлар қашанғы Ресей тілінде қызмет көрсетеді?

Тілдерді дамыту басқармасының бастауымен өтіп жатқан қалалық "Акцияны" пайдаланып, қала көліктеріне де "кірдік". Бұл жерде де Мемлекеттік тіл жайлы, «Әй!» дейтін әже, «Қой!» дейтін қожаның табылмағанына ұқсайды. Тікесінен, «Астана LRT» ЖШС-ты айтамын. Көтере алмайтын шоқпарды белдеріне ілгендері несі?

«Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін еңгізу (ЖАТЭЖ) – астанамыздың көлік кешенін модернизациялау Жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады. Аталмыш жобаның басты мақсаты - .....» әрі қарай «бла бла бла» деп, шыңғырып тұрып жарнамалады. Жарайды. Түсінікпен қарап, қосылмай жатып туындаған көптеген түсініксіз жағдайларға тап болсақ та, шыдап, күттік. Автобусымыз тоқтамай жүріп тұрса болды, уақыт өте бәрі түзелер деп, өз өзімізді осы уақытқа дейін алдап келдік.

Жетеді енді! Уақыттың да уақыты бар! «Айқай-шумен» қойылған «валилидаторлары» қашаңға дейін рессей тілінде қызмет көрсетеді? Мемлекеттік тіліміз неге бірден еңгізілмеген? Нақты сұраққа, нақты жауап берілуі керек!!!

Осы жазбам шығысымен іле сала Мұқағали Балқыбай інім де, тағы 60 адаммен қоса бірге бөлісіп шығарды. Содан, «Астана LRT» басшыларына да жетсе керек. Жауаптарын жаза бастады...

24 қараша 2018 жыл. «109-көмек» консультант операторының әлеуметтік желі арқылы берілген жауабына жауап қайтаруыма тура келді.

[video width="640" height="352" mp4="https://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2018/11/2018112605071829.mp4"][/video]

Өткендегі, 5 қараша күні Ел ордамыздағы қоғамдық көліктерінде орнатылған валидаторларда Мемлекеттік тілдің жоқ болуына байланысты қойлған сұрақтарымызға, "109"-дың консультант операторлары екі жеті ойланып былай деп жауап қайтарған болатын, «Құрметті МҰҚАҒАЛИ БАЛҚЫБАЙ! Сіздің өтініміңіз №SD0951030 қабылданды және мемлекеттік мекемелерге жіберілді. Өтінімнің жауабы жуық арада беріледі. Сізге елорданың өміріне белсене қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз!»

Әрине, Біз сенімділік танытып, нақты жауаптарын береді екен деп, күтіп отырсақ, олар ұялмай қызармай, тағы бір жеті ойланып барып, қазір ғана, "бүй" деп жауаптарын бере салыпты, «Құрметті Мұқағали Балқыбай! Сіздің өтінішіңізге Бірыңғай "iKomek" байланыс орталығы «Астана ЛРТ» ЖШС жауабына сәйкес, келесі ақпараттарды хабарлаймыз. Біздің қызметімізді пайдаланғаныңызға рахмет. 2016 жылы Астана қаласына жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілгенде, халыққа ыңғайлы болу үшін валидаторлар орыс тілінде болды, бірақ қазіргі уақытта билет, қайтарылма чегі, түбіртек барлығы қазақша тілінде. Валидаторлардың қазақша тілінде болуы жоспарлануда және ол үшін жұмыстар жүргізілуде. Астана қаласының тіршілiгiне үлес қосқаныңызға алғыс білдіреміз!»

Басқасы жоқ болғандықтан, пайдаланғымыз келсе де пайдаланамыз. Пайдаланғымыз келмесе де пайдаланамыз. Амал жоқ!

Түн ішіне қарамастан, іле-тұра біз де жазып жібердік, «Консультант Оператор Игі құрметтілер! "...халыққа ыңғайлы болу үшін валидаторлар орыс тілінде болды,..." дегендеріңізді түсінер емеспіз. Сонда ҚР заңдары халыққа ыңғайсыз болғаны ма? Немесе, ҚР халқы мемлекеттік тілді білмейді дегілеріңіз келді ме? Жоқ, әлде, Тәуелсіз мемлекет екенімізге күмәнмен қарап отырсыздарма? Сосын барып, "... Валидаторлардың қазақша тілінде болуы жоспарланып және ол үшін жұмыстар жүргізілуде..." дегендеріңіз, қай сасқандарыңыз? Біріншіден, ол жай "қазақша" тіл емес, ол Мемлекеттік тіл! Сондықтан, ресми түрде осылай жазуларыңыз керек! Екіншіден, жұмыстар жүргізілуде деп емес, нақты қанша уақытта Мемлекеттік тіл қосылуы болатынын айтыңыздар! Бос сөзден іске көшетін уақыт келді!

«Консультант Оператор Нақты қойылған сұрақтарға, нақты жауаптарыңызды берулеріңізді сұраймыз!»

Шамасы, бұлар ұйқылы көздерімен не жазып, не қойып отырғандарын білмесе керек. Ендеше әңгімені басқаша құруға тура келеді....

Үшінші күн өтуде. Жауап жоқ.

Жасұлан Иса,

Қазақ үні