«Сіздің партияңыз нақты жұмыс жасап жүр»: Елбасы Азат Перуашевті қабылдады

2842
4
Бөлісу:

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевті қабылдады. Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Ақ жол» демократиялық партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті «Ақ жол» демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру ісіндегі рөлін ерекше атап өтті.

– Сіз еліміздегі тәжірибелі Парламент депутаттарының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері «Ақ жол» партиясына басшылық етіп келесіз. Партияларыңыз нақты жұмыстар атқаруда. Мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына қолдау білдіріп, халық бірлігін нығайту жолында зор үлес қосып келесіздер, – деді Елбасы.

А.Перуашев партия фракциясының биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау, соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруға және отандық бизнесті қолдау мақсатымен қабылданатын шараларға қатысты ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыстарын атап өтті.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Cапар Әлі 22 Қараша, 2018 16:51 Жауап

    «Ақ жолдың» нақты жұмыстар істеп жатқанын Елбасының бағалауы – «Ақ жолдың» алда келе жатқанын көрсетеді. Азат бауырыма Ел де, Елбасы да риза!

  2. Гүлім 24 Қараша, 2018 20:58 Жауап

    «Ақ жолдың» атқарып жатқан ауқымды істері қашан да ел назарында. «Ақ жолға» Ақ жол тілейміз!

Пікір немесе жауап жазу