ҰБТ жылына төрт рет өтетін болды

1467
0
Бөлісу:

2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін Бірыңғай ұлттық тестілеу жылына төрт рет өтетін болды.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Тестілеуді қаңтар, наурыз, маусым және шілде айларында тапсыруға болады.

-2019 жылы жалпы ҰБТ-ның форматы өзгермейді. Бірақ тестілеуді жақсарту мен оның механизмі бойынша белгілі бір өзгерістер енгізілмек. Өткен жылы біз мүгедек балалар үшін мүмкіндік бердік – ыммен сөйлесетін мамандарды шақыртып, мұндай балаларға арналған жеке бөлмелер бөлінді, – дейді вице-министр.

Ағымдағы жылы желтоқсанның 1-нен 15-не дейінгі аралықта ақылы тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылданады. Ол 2019 жылдың 15-20 қаңтар аралығында өтеді екен.

Ал грантқа үміткерлер ҰБТ-ны сол бұрыңғыдай мектеп бітірген соң маусым айында бір рет  тапсырады.

ҰБТ жақсы тапсырып шыққан 11-сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы түрде түсе алады. IELTS және TOEFL сертификаттары барлары ҰБТ-да “Шетел тілі” пәні бойынша босатылады.

Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болды. Министрлік сәйкес база құрады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 − 3 =