Айдос Сарым "діндарлар" туралы: Сақал түгілі мүйіз қойып, құйрығын өсірсін...

Танымал саясаттанушы Айдос Сарым сақалын қалқан етуді әдет қылған "діндарлар" туралы пікір білдірді.

Сарым әлеуметтік желіде отырып, Абай мен Шәкәрімнің сақалын қалқан етуді әдетке айналдырған «діндарларды» қазақты жікке бөлуде деп айыптап отыр.

«Кейбір əсіре діншіл адамдардың əлемжелідегі ұстанымы мен логикасы қайран қалдырады. Сақалды айтып шыға келеді. Ойбай, Абай, Шəкəрім сақал қойған деп… Құдай-ау! Мəселе сақалда емес қой.

Екі жақты фетишизм боп кетті шынымен!

Мəселе дін мен дəстүрде! Абай мен Шəкəрім қазақтығынан айрылмаған, дін мен дəстүрді ең алдымен жүрегінде, жанында табыстыра білген, соны насихаттаған!

Маған десе біздің кейбір жігіттер сақал түгілі мүйіз қойып, құйрығын өсірсін! Шаруам жоқ!

Тек қазақ арасына жік салып, қазақтың тарихы мен дəстүріне шабуылын тоқтатып, ұлтты бөлгенді қойса болды. Абай мен Шəкəрімді бетіндегі қылы үшін емес, сөзіндегі ақылы үшін жақсы көреміз, құрмет тұтамыз ғой», — деп жазды Айдос Сарым өзінің Facebook-парақшасында.