Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Бұған дейін Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған. Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Үйленген, үш қызы мен бір ұлы бар.