Қытай телеарнасында жаңалықтарды жасанды робот жүргізеді (видео)

854
0
Бөлісу:

Қытайдың мемлекеттік «Синхуа» ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол «тірі» әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен.  Повторить Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кірісіп кетті.

Дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде.  Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алады.

 «Синхуа» өкілдері бұл технологияның мән-жайын әлі ұсынбады. Алайда жаңа роботтардың тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істей алатыны хабарланып отыр.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

12 − бір =