Назарбаев Қауіпсіздік комитетінде маңызды кадрлық өзгерістер жасады

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тамерлан Жұмағалиевті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры қылып тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. "Мемлекет Басшысының Өкімімен Тамерлан Телманұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры болып тағайындалды", – деп хабарлады ҚР Президенттің баспасөз қызметі.