Азат Перуашев салық органдарының жұмысын сынға алды

Бөлісу:

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында «Ақ жол» парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев еліміздегі салық саясатын сынға алды.

Салықтар бюджеттің 98% – дан астамын құрайды, сондықтан салық салудың ынталандырушы рөлін қолдана отырып, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін тарту арқылы салық салу базасын кеңейту бойынша шараларды қолға алады деп күткеніміз ойға қонымды болар еді. Алайда, шын мәнісінде, салық әкімшілігін қатаңдату және бизнеске деген қысымның күшеюі одан әрі жалғасуда деп есептейді демократтар фракциясы.

Сонымен, қосымша құн салығы бойынша түсім көлемін 34 % -ға таңғалдырарлық мұндай арттыру «экономиканы жаңғырту, әкімшіліктендіруді жетілдіру және ҚҚС бойынша қайтарым сомасын азайту» есебінен жүргізілмек. Бірақ салық төлеуші үшін ҚҚС-ты қайтару жалпыға белгіленген және нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар болған жағдайда ғана туындайды, бұл дегеніміз экспортқа жұмыс істейтін кәсіпорындар.

Демек, ҚҚС (қосымша құн салығы) бойынша қайтарымды тек экспортты қысқарту арқылы ғана азайтуға болады. Ал, бұл ұлттық экономиканың экспорттық бағдарлану саясатына қайшы келеді.

«Басқа бір ықтимал жолы – әр түрлі сылтауларды желеу етіп қосымша құн салығының есепке алу бөлігін қайтармау, яғни нақты қосарланған салық салу. Және бұл нұсқаның ықтималдығы әлдеқайда басым болып отыр», – деп депутат қауіптің барын білдірді.

Нақты мысал ретінде, ол салық органдарының АЭА (арнайы экономикалық аймақ) қатысушылары сатып алған тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде ҚҚС-ты есепке алуды алып тастағаны жөнінде айтып өтті. Осы орайда Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясы ағымдағы жылғы 13 маусымда осындай әрекеттердің нәтижесінде бір ғана «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында 18 кәсіпорын тоқырау шегіне жетіп, оларға салықшылар бұдан бұрын төленген 16 млрд, теңгеге тағы да 4 млрд. теңге қосқаны туралы Үкіметке сауал жолдаған еді. Премьер-Министрдің берген жауабында «Арнайы экономикалық аймақтардағы салық салуға байланысты заң жобасының шеңберінде мемлекеттік органдар депутаттардың АЭА қатысушыларына осындай тауарлар бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға рұқсат беру туралы ұсыныстары қарастырылуда» деп мәлімденген.

«Алайда, уәде етілген өзгертулердің орнына біз тек біржақты салық саясатының жалғасын көріп отырмыз, – деп атап өтті Перуашев. – Сол себепті таңдалған тәсілдің әсерін алдын-ала болжау және де оның өнімді

экономиканы одан әрі ынталандыру, оның ішінде отандық тұтыну нарығын қанықтыру, сондай-ақ экспорттық кәсіпорындарға қолдау көрсету туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес келуі тым қиын. Бизнес қосарланған салық салуға тап болғанда қандай қолдау, қандай инвестициялық ахуал жөнінде сөз болуы мүмкін? Мұндай жағдайда бізге кімдер, қандай инвесторлар келмек?».

Осы мәселелерді шешу үшін «Ақ жол» фракциясы салық жүйесінің тиімділігін салық органдарына жұмсалған мемлекеттік шығыстардың олар қамтамасыз еткен бюджетке төленген қосымша кірістеріне қатынасы арқылы бағалауды ұсынады. «Ақ жол» фракциясы 5 маусымда салық инспекторының жұмыс күні қазынаға 2 мың теңге немесе айына 40-45 мың теңге. алып келсе, ал сол инспектордың өз жалақысы одан 2-3 есеге жоғары деп мысал келтірген болатын. «Мұндай қазынагерлерді ұстағаннан гөрі, оларды жұмыстан шығарған оңайырақ – бизнеске де жайлы, бюджетке де үнемді», – деп ескеріп өтті Азат Перуашев.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Зейнолла Абажан 6 Қараша, 2018 10:14 Жауап

    Салық – мемлекет тірегі, оған дау жоқ. Бірақ біздегі салықтар «шаш ал десең, бас алады» деген бағытта жұмыс істейді. Содан барып өндіріс пен бизнес дамуын әлсіретеді. Перуашев экономиканы жақсы біледі, айтып отырғаны орынды. Бюджетке түскен сол ақшаны да дұрыс игере алмаған үкіметке не айтуға болады. Салықты көтергенше қаржыны үнемдеп, мақсатты жұмсауға үйрену керек. Бізде қаржыны жымқыруды ғана ойлап, негізгі жұмыстарын ұқмытып кететіндерге не айтуға болады? Айта-айта шаршадық….

Пікір немесе жауап жазу

екі × 1 =