Қытайдағы қандасымыз әлемдегі ең ұзын көпірді жобалауға қатысқан

maxresdefault.jpg

2018 жылдың қазан айында Қытайда Гонконг, Макао және Чжухайды байланыстыратын ең ұзын  Гонконг-Чжухай-Макао көпірі іске қосылды. Құрылыс ұзындығы 55 шақырымды құрайды, оның 38-і көпірдің әр түрлі учаскелеріне жатады. Оған қоса, ұзындығы 7 шақырым болатын су асты туннелі мен жасанды аралдар салынған. Көпірді салуға 9 жылдай уақыт кеткен.

KMO_162543_08100_1_t218_121729.jpg

Көпір 8 балдық жер сілкінісіне төтеп беріп,  кем дегенде 120 жыл байдалануға жарайды деп күтілуде. Аталмыш көпірдің осы сияқты тербеліске төтеп беретін күші мен басқа да табиғи апаттарға қарсы тұра алатын қауқарын – Өрлеухан Қиса атты қандасымыз жобалап шығыпты.

Jq_z30n75Fs.jpg

Өрлеухан Қиса  Іле қазақ облысы Алтай аймағанда өмірге келген. Гуанчжоу университеті Жер сілікінісіне қарсы төзімділікті зерттеу орталығының аға инженері. 1989 жылы Далянь жаратылыстық ғылымдар университетінде магистратураны бітірген. 1996-2000 жылы Жапонияның Шығыс-солтүстік университетінде құрлыс мамандығы бойынша оқып, 2000 жылы Жапонияда докторлық құрғаған.

342206.742xp.jpg

Құрылыс әлемдегі көпір ұзындығы бойынша төртінші орын алады. Алғашқы ең ұзын үш көпір де Қытайға тиесілі. Бірінші орында Даньян-Куньшан виадусы. Ол 2011 жылы Шығыс Қытайда салынған. Оның ұзындығы 164,8 шақырым болғанымен, тек 9 шақырымы ғана судың үстінен өтеді. Екінші орында ұзындығы 113,7 шақырымды алатын Тяньцзинь виадусы. Екі көпір де Пекин-Шанхай жылдамдықты темір жолының бөлігі болып табылады. Үшінші көшбасшы 79,7 шақырымдық Вэй көпірі. Ол Қытайдағы басқа теміржол желісінің бөлігі. Көпір екі рет Вэй өзенін қиып, сондай-ақ басқа да өзендер, жолдар мен теміржолдарды кесіп өтеді.

Jebeu.kz