Мал ұрлағандардың жазасын күшейту керек - сенатор

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров елімізде мал ұрлығы өршіп тұрғанын айтты. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

"Бүгін бізге - депутаттарға барлық мемлекеттік органдардың мал ұрлығы бойынша пікірін тыңдап, осы жағдайды түзеу бойынша ұсыныстар əзірлеу қажет. Егер осы бағыттағы заңнаманы мал ұрлығына кінəлі адамдардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту жағына өзгерту керек болса, біз сондай заңнамалық шараларға да баруымыз керек. Мысалы, көрші Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мал ұрлығы жеке қылмыс құрамына жатады жəне бұл үшін қатал жаза қарастырылған" , - деді Бекназаров "Мал ұрлаудың алдын алу, болдырмау жəне шешу жолдары" атты дөңгелек үстелде.

Бұған дейін сенатор шекаралас облыстарда мал ұрлығы өршіп тұрғанын жəне елімізде барымташыларға қолданылатын жазаның жұмсақ екенін айтқан болатын.