Президент Қуатжан Уәлиевті қызметтен уақытша шеттетті

Президент жауапты хатшы Қуатжан Уәлиевті қызметтен уақытша шеттетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет Басшысының Өкімімен Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысының лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді", - делінген Ақорданың ресми сайтында.