Таразда өртенген қоқыс арасынан нәрестенің денесі табылды

Таразда қоқыс өртеніп, оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жапырақ арасынан жаңа туған сәбидің денесін тапты.

Қоқыс маңында тұратын тұрғындар жалынды байқап, өрт сөндірушілерді шақырыпты, деп хабарлайды КТК.

Өрт сөндірушілер өртгенген жапырақ арасынан жаңа туған ер баланы өлі күйінде тауып алған. Куәгерлер жарты сағат бұрын қоқыс контейнерлерінің жанында екі қызды көріпті.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, полиция нәрестенің неден шетінеп кеткенін, қала орталығында қоқысты кім өртегенін және сәбидің анасы кім екенін анықтап жатыр.