БІЗ АДАМЗАТҚА ҚАРСЫ КОММУНИСТЕРДІҢ МҰРАГЕРІМІЗ БЕ?!

Бүгінде Қытайда қысым астында өмір сүріп жатқан аз ұлттар күллі әлемге жария болуда. Кеше ғана қылышынан қан тамған Сталиннің қолынан нақты атуға қол қойылып өлгендер саны – 9 миллион. 1949 жылдан 1976 жылға дейін Мауеның қолынан еш соғыссыз өлгендер саны – 78 миллион. Бұл туралы Тиомси Синдрдың зерттеу кітабынан табамыз.

Осынша бейбіт халықты қырып салған зұлым коммунистердің 100 жылдығын тойлау адами ақылға сыймайды. Бұл коммунистер жоғарыдағы мәліметтер бойынша адам баласының өркендеуіне қарсы. Әуелі құдайға қарсы, шектен шыққан қызыл партия.

Біз Елбасының «Рухани жаңғыру» деген маңызды сөзін, орынсыз пайдаланып, бағасын түсіріп барамыз. Кеше ғана Алматыда Абай театрында адам баласын қырып-жоюшы Лениннің мүсінін қойып, не бетімізбен комсомолдың 100-жылдығын тойладық?

Қазақ халқын геноцитке ұшыратқан әтейст коммунистер туралы қазақты қырғындап едің деп құттықтағаны ма несі?! Паволдар облысының тарихи ескерткіштері алдында коммунистік қызыл үкіметті еске алып, жиналған топты көріп жағамызды ұстадық. Әр өңірде осылай тойланбақшы екен. Дереу тоқтау салу керек.

Адам баласының жауы болған Ленинді төрге қайта шығарып құттықтау, біздің Тәуелсіздігіміздің тамырына түскен дерт деуге болады. Біздің Тәуелсіздік туымыздың орнына комсомолдың туы мен жауынгерлердің сол қызыл үкіметтің киімін киюі адам айтқысыз қателік. Мұндай қателікке тоқтау бар ма, жоқ па?

Мәңгілік ел боламыз деген жобамыз дұрыс екенін мойындасақ, мұндай келеңсіздіктен тез бас тарту керек. Себебі, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, небары 50 миллион адам өлсе, еш соғыссыз дәл осы коммунистердің қолынан бейбіт жағдайда одан 100 есе көп жазықсыз адам өлген шығар. Яғни, бір Мауеның қолынан 78 миллион адам, Сталинның қолынан 20 миллионға жуық адам ажал құшқан. 

Бұл мұсылмандықты айтпағанда адам баласына, құдайға қарсы, бейбіт халыққа қарсы коммунистерді дәріптеу бізді шыңырауға итереді. Не айтсақта тәуелсіздік баянды болсын деген ізгі ниетпен айтамыз!

Серік Боқан, Қазақ үні