Қазақстан үкіметі араб шейхтеріне Қызыл кітапқа енген құстарды атуға рұқсат берді

Қазақстан төрт араб шейхіне Қызыл кітапқа енген дуадақтарды атуға рұқсат етті.

Премьер-минстр Бақытжан Сағынтаев 16 қазанда «Дуадақтарды аулауға қатысты» үкімет шешімін қарады, деп жазады Sputnik.

Құжатта 2018 жылдың 10 қазаны мен 15 қараша аралығында төрт араб шейхіне кей құстарды аулауға рұқсат етілген.

Олардың бірі Халиф Бин Заед Аль-Нахаян. Оған Түркістан ауданындағы Арыс және Қаратау мемлекеттік республикалық резервтік аймақтарының аумақтарында дуадақтың 28 түрін, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы бойынша дуадақтың 46 түрін аулауға рұқсат етіледі.

БАӘ-нен келген шейх Сурур Бин Мухаммед Аль Нахаянға Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қайасан мемлекеттік қорығы аумағында дуадақтың 14 түрін, шейх Сеиф Бин Мухаммед Аль Нахаянға 13 түрін аулауға рұқсат етілді.

Катардан келген шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Таниге Аңдысай мемлекеттік табиғи қаумалы мен Жамбыл облысында дуадақтың 10 түрін, Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңыздағы Жусандалық мемлекеттік резервтік аумағы аумағында дуадақтың 20 түрін аулай алады.

Шейхтерге бұл арзанға түспейді. Бір құстың өзі 260 АЕК, 625 мың теңгеге тең келеді.