Астанада қонақүйден ҰҚК қызметкері өлі табылды

Астанадағы "Аланда" қонақүйінің номерлерінің бірінен ҰҚКД қызметкерінің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылы 16 қазанда "Аланда" қонақүйінің номерлерінің бірінен Астана бойынша ҰҚКД қызметкерінің денесі табылды, зорлық белгілері жоқ", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Алайда тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.