Алматыда марафон кезінде 18 жастағы жігіт қайтыс болды

Алматыда қайғылы жағдай. Марафонға қатысқан 18 жастағы студент жүгіру кезінде кенет қайтыс болды. Астаналық Максим Королев Санкт-Петербург кәсіподақ гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалында оқыған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Марафон кезінде оған қолдау көрсеткен группаластарының сөзіне сенсек, қаза болған жігіт “күрес пен самбодан” Қазақстанның спорт шебері атағына үміткер болған.

Куәгерлердің сөзіне сенсек, Абай көшесінің бойымен жүгіріп келе жатқан жігіт ақтық мәреге бір орам қалғанда өзін нашар сезінген. Оқиға орнына 3 минуттан кейін келген жедел жәрдем жігітті өлді деп таныды. Дәрігерлердің хабарлауынша, жігіттің неден қайтқаны медициналық сараптамадан кейін анықталады. Марафон ұйымдастырушылары марқұмның туыстарына қаралы хабарды жеткізіп, көңіл айтты.