Мұхтар ШАХАНОВ: Желтоқсан шындығын ашқаным үшін Горбачев мені өлтіргісі келді (видео)

Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шаханов youtube видео-хостингіде жарияланған бейнежазбада қазақ халқының мүддесін қорғағаны үшін өзін сол кездегі КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачевтің өлтіргісі келгендігін ашық айтты.

Бейне жазба ақынның 75-жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада түсірілген. Шаханов сөз басында өзінің ақындық ұстанымы мен ұлттық мүддеге қатысты көзқарасын айтып, сөз арасында "ГенСек" Горбачевтің арам пиғылынан аман қалғанын тілге тиек етті.

qazaquni.kz