Бауыржан Байбектің әйелі жаңа қызметке тағайындалды

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі жаңа қызметке тағайындалды. Ол бұдан былай Астана қалалық сотының судьясы қызметін атқарады.

Үкімге елбасы Назарбаевтың өзі қол қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа қызметке тағайындалғандардың қатарында Жанар Байбек те бар. Ол Алматы әкімі Бауыржан Байбектің жары. Бұған дейін Жанар Байбек елордадағы Есіл аудандық сотында судья болып жұмыс істеген.

2017 жылы БАҚ құралдары Жанар Байбектің декреттік демалыста екенін хабарлаған болатын.