"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазақ елі Шерхан Мұртазамен қоштасты

Бүгін Алматыда жазушы Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қаралы жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамеди ҚР Президенті Нұрсұлтан Назабаевтың хатын оқып берді.

«Шерхан Мұртазаның отбасы мен жақын туысқандарына жазушының ортамыздан өткеніне байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Халқымыздың сүйікті перзенті бүкіл ғұмырын еліміздің өркендеуі мен төл әдебиетіміз, мәдениетіміздің дамуына арнаған бір туар азамат еді», – делінген жолдау хатта.

Сонымен қатар, жазушының шәкірттері мен жақындары сөз сөйлеп, марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Астанадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті.



Ілмектер:
Шерхан Мұртаза

Осыған ұқсас:

  1. АРЫСТАН
  2. ҚОШ БОЛ, ШЕР-АҒАМ!
  3. АҚИҚАТТЫҢ АЛДАСПАНЫ ЕДІ
  4. АТЫНА САЙ АЛАШТЫҢ АЙБАРЛЫ АБЫЗЫ ЕДІ!..
  5. Шерханмен емес, Шахановпен «қоштасқан» әкім: «Сол үшін дұрыс ұйықтамадым…»
  6. Назарбаев: Шерхан Мұртазаның қазақ руханиятындағы жарқын бейнесі ұмытылмайды

Facebook арқылы пікір жазу



3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. gulmira 12 Қазан, 2018, 17:00

    Қош, қазақтың маңдайына біткен абызы!

  2. Daniyar 14 Қазан, 2018, 03:25

    Иманды болсын. Жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын.

  3. Құлан 14 Қазан, 2018, 23:32

    Иманды болсын!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.