ҚАЗАҚ ҚАРА СӨЗІНІҢ «ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕСІ»

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақ қара сөзінің «қызыл жебесі»» атты жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алу кеші болып өтті.

Ең алдымен іс-шара басталмас бұрын бір минут үнсіздік орнады.

Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдағы рөлі жөнінде әңгіме қозғалады.

Іс-шараны жүргізіп отырған публицист, қазақ журналистикасын зерттеуші Намазалы Омашев қаламгер туралы өз ойын былайша білдірді:

- Ол өзінің адал мінезімен, қайсарлығымен, елдің рухын көтерген, ұлттың ұлттық рухын биікке сүйреген, алаш арыстарының мінезін бойына жинаған, басын бәйгеге тіккен қазақ өтті өмірден. Оның жазушылық, журналистік, қайраткерлік сіңірген еңбектері орасан мол. Қаламгердің сөзі қысқа, әрі нұсқа болатын. Яғни, ол сөзге сараң, бірақ ойы терең адам болатын. Қазақи болмысымен дараланып тұратын ерекше тұлға болатын.

Келесі сөз кезегін алған Қазақстан Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев та Ш.Мұртаза туралы тамаша естеліктеріме бөлісті.

* Бүгін шын мәнісінде де қазақ қоғамына жүк түсіп тұр. Топ бастаған әдебиеттің нар тұлғасы, мемлекет қайраткері арамыздан кетті. Шерағаңның өтімді сөйлейтін сөздерінің талай куәсы болдық. Ол төл тіліміз туралы өзінің батыл позициясы анық білдірген тұлғалардың бірі. Оның «қос тіл тек жыланда ғана болады. Ол адамда болмайды» деген бір ұтымды сөзі есіме түсіп

отыр. Сөйтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін жанын салып бақты.

Қаламгер «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» және «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясында және т.б. лауазымды қызметтер атқарған. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты да болды.

Жазушы Шерхан Мұртазаның тұңғыш кітабы «Құралысшы Дәку» деп аталады. “Табылған теңіз”, “Бұлтсыз күнгі найзағай”, “Белгісіз солдаттың баласы”, “Мылтықсыз майдан”, “41-жылғы келіншек”, “Ахметжанның анты”, “Интернат наны”, «»Бір кем дүние» және т.б. шығармалардың авторы.

Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе”, “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” атты пьесалары қойылды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінен бастады. Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын, Л.Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылған.

Іс шараға зиялы қауым өкілдер қатысты.