"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Назарбаев: Шерхан Мұртазаның қазақ руханиятындағы жарқын бейнесі ұмытылмайды

Нұрсұлтан Назарбаев Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты. Сонау Теміртаудағы еңбек жолымның тікелей куәсі болған ол Тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалаған жылдарда да жанымда жүріп, елді ілгерілету ісіне зор үлес қосты. Шерхан Мұртазаның қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.




Осыған ұқсас:

  1. Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады
  2. Ғалым Жайлыбай: Экологиялық ахуалды күшейту – біздің араласатын  мәселеміз
  3. Нұралы Әбішев: «Бөрте-Милка» фермасының биік дәрежеге жетуіне Елбасының үлесі зор
  4. «Ақ жол» партиясы Елбасы Жолдауын талқылады
  5. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын арнады (видео)
  6. Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттің қандай болуы керектігін айтты

Facebook арқылы пікір жазу



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. gulmira 12 Қазан, 2018, 17:04

    Ол кісінің жарқын бейнесі əрбіріміздің жадымызда.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.