"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Әлібек Шегебай: Өкінеміз алғаннан соң өлтіріп…

Шерхан – шер

Жыла Қазақ,
Етегіңді толтырып,
Сөйлемейді енді қайта ол тұрып.
Тірісінде қадіріне жете алмай,
Өкінеміз алғаннан соң өлтіріп.

Жыла Қазақ,
Көздің жасын көлдетіп,
Өзегіңнің өкінішін шөлдетіп.
Дүниенің жалғандығын дәлелдеп,
Арамыздан бара жатыр, ол кетіп.

Жоқта Қазақ,
Жоқтауыңды тоқтатпа,
Көсеу ұстап, ошағыңда от жақпа.
Мына «Бір кем дүниені» тәрк етіп,
Шерхан кетті, түсіп бақи – соқпаққа.

Шерхан кетті,
Шерағаммен шер кетті,
Қайғысымен күңірентіп жер,көкті.
Ары менен абыройын қазық қып,
Қаламымен қалың жұртын тербетті.

Мінез кетті,
Мінез кетіп, мін қалды,
Айтылмаған ақиқат пен сын қалды.
Күңіреніп күрең күзгі күн қалды,
Жұлдыз сөніп, ай тұтылған түн қалды.

Бүгінгі күн,
«Қызыл жебе» сынған күн,
Өкініштің көз жасына тұнған күн.
«Ай мен Айша» басу айтып Қазаққа,
Шерхан ағам екінші рет – туған күн!

Әлібек Шегебай,

Қазақ үні




Осыған ұқсас:

  1. Әлібек Шегебай: ШАХАНОВТЫ ӨЛТІРУДІҢ НАУҚАНЫ…
  2. Су басып жатыр Шығыстың байтақ даласын – Әлібек Шегебай
  3. «АЛАШ АРМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
  4. СҰЛУЛЫҚҚА СҰҚТАНАДЫ – АДАМЗАТ
  5. Сүткент, сүт мекенiм – қалашығым
  6. «Жетпіс төрттің жеті ақыны» – Сергей Жаданның құрдастары

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.