"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Астанада араққа тойған полицей көлігімен адам қағып кетті

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті деп жазады Tengrinews.kz. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев бұл мәліметті растады.

Сәдубаевтың айтуынша, Астанада 7 қазанда полиция қызметкері мас күйде жеке көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Полицей оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жол апатына кінәлі адам сол күні анықталып, ұсталды. Адам қағып кеткеннен кейінгі оның әрекеті және ішкі істер органында қызмет ететіні процесс мүшелеріне әсер етпеуі үшін сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды», – деді ІІД өкілі.

Министрліктің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар, ішкі тексеру тағайындалды, соның нәтижесінде полицейдің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылады не жұмыстан босатылады», – деді ІІМ ресми өкілі.




Осыған ұқсас:

  1. Зейнетақы қорының қаржысына Астанаға газ тартылмақшы
  2. Астанада қонақүйден ҰҚК қызметкері өлі табылды
  3. Астанада тәрбиешілер студент қыздарды іш-кимдерін шешуге мәжбүрледі
  4. Астанада оқушыларды сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түліктермен тамақтандырған
  5. Астанада РЕСЕЙ ТІЛІНДЕГІ көше атаулары мен жарнамалар жойылуда (видео)
  6. Астанада бойжеткенді автобус қақты

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Daniyar 12 Қазан, 2018, 16:34

    Араққа тойған полицей көлігімен адам қағып кетті! Мынау не деген масқара!

  2. gulmira 12 Қазан, 2018, 17:19

    Сенген қойым сен болсаң…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.