Елбасы Жолдауы аясында Шымкентте World Class заманауи фитнес-клубы ашылды

1334
2
Бөлісу:

Өздеріңізге мәлім, 5 қазанда Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауы барысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына ұқсас өңірлерде 100 жаңа спорт кешенін салу жөнінде тапсырма берген болатын.

Соның келесі күнінде-ақ, 6 қазанда Шымкентте ең заманауи фитнес-клубтардың шведтік бренді – «World Class» толық масштабты кешенінің салтанатты ашылуы өтті.

Кешеннің аумағы шамамен 4000 шаршы метрді құрайды, мұнда көптеген ең жаңа конструкциялы «Technogym» тренажерлері бар түрлі жаттығу залдары орналасқан: жекпе-жек секциясы, йога, спорттық би, жаттығу велосипедтерінде топтық шұғылдану; тамаша 25 метрлік бассейн және тағы басқалары.

Кешеннің барлық қызметкерлері Мәскеудегі франчайзерден арнайы оқуын оқып, сертификациялаудан өткен. Жаттықтырушылардың арасында –спорт шеберлері және халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері, Олимпиада ойындарының қатысушылары және олардың арасында бокстан, жүзу, каратэ, дзюдодан чемпиондар да бар. Спорт кешенін салған «Заңғар» компаниялар тобының президенті, сондай-ақ «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалын басқарушы Әлімхан Абжанов. Жоба «Даму» қорының қолдауымен іске асырылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне әлемдік деңгейдегі «World Class» халықаралық франшизасын иеленушілер өкілдері, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты, ҚР Бокс федерациясы Атқарушы комитетінің мүшесі Азат Перуашев, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, олимпиадашылар: боксшы Мұхтархан Ділдәбеков пен гимнастшы Алия Юсупова, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның ОК хатшысы Болат Момышев, партия ревизиялық комиссиясы төрағасы  Болат Өтепбаев және сондай-ақ Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген қонақтар қатысты.

Әріптестерінің атынан сөз сөйлеген Азат Перуашев Әлімхан Әбжанов пен оның командасын осындай үлкен игі бастамасымен құттықтап, бұл Елбасы Жолдауының рухына сай әрі үндес келетіндігін және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге, әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігіне және сапа стандарттарының өсуіне бағытталғанын ерекше атап өтті.

Мұндай спорттық нысандар жасөспірім балаларға да, аға ұрпаққа да қолжетімді, олар халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетеді. Бұл өмір сүру салты мен табысты адамдардың нышанына айналмақ.

Qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. gulmira_1986 12 Қазан, 2018 17:25 Жауап

    Елбасы Жолдауы әрбір аймақта дəл осылай орындалса еліміз дами түсетіні сөзсіз.

  2. Зейнолла Абажан 13 Қазан, 2018 16:28 Жауап

    Халықаралық стандарттар негізінде қызмет көрсететін мұндай нысандардың көбеюі салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашпақ.

Пікір немесе жауап жазу

5 + 3 =