"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Рүстем Есдәулет атындағы ІІ республикалық театр фестивалі өтеді

Өскеменде шағын форматта сахналанған спектакльдердің Рүстем Есдәулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рүстем Есдәулетов атындағы республикалық театр фестивалі Өскеменде 10-14 қараша аралығында ұйымдастырылғалы отыр. Фестивальге еліміздің барлық өңірлеріндегі театр ұжымдары қатыспақ. Айта кетсек, Рүстем Есдәулетов атындағы І республикалық фестиваль 2016 жылы өткен болатын. Жастар және студенттер фестиваліне ол кезде Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Семей сынды қалалардан бірқатар театр ұжымдары келген еді.

Режиссер, театр және кино актері, ақын, драматург Рүстем Есдәулет 1978 жылы туған. Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының директоры әрі бас режиссері қызметін атқара жүріп, қазақ ұлттық сахна өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Жас режиссердің жетекшілігіндегі театр ұжымы бірнеше рет халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған. Қазақ көрермені үшін Рүстем актер ретінде де танымал. «Бөрінама» жыр жинағының авторы. Өлеңдері «XXI ғасыр ақындарының антологиясына» және басқа да ұжымдық жинақтарға енген. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. 2007 жылы «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінде «Бес тиын» көркем шығармасы үшін арнайы марапатқа ие болған. Рүстем Есдәулетов қазақ труппасын басқарған жеті жыл ішінде 25 қойылым жасап үлгерген. 2009 жылы труппа Қарағандыда өткен республикалық театрлар фестивалінде жүлделі үшінші орынды иеленді. Рүстемнің жұлдызды жеңістері алда еді, өкінішке орай қазақтың талантты ұлы 2009 жылдың 25 қарашасында көз жұмды. Фестивальдің өтуіне Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Жастар театры» мұрындық болып отыр.




Осыған ұқсас:

  1. Астанада ІІ Дүниежүзілік театр фестивалі өтеді
  2. Асаналі Әшімов: Дүниежүзілік театр фестивалінің Астанада өтуі еліміздің өскендігін көрсетеді
  3. Талғат ТЕМЕНОВ: Ұлттық идеология болмаса – ұрпақ азады
  4. О вас будут помнить…
  5. Т. Теменов: Театр – бұл құдаймен бетпе-бет қалатын ғибадатхана
  6. Театр сыншысы Әшірбек Сығайдың туғанына 70 жыл толды

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.