"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Марат Тоқашбаев: Қазақ билігі Сайрагүлді оққа байлап берді

4-қазан күні Көші-қон қызметінде арнайы құрылған комиссия Сайрагүл Сауытбайға «Босқын мәртебесін» беруден бас тартты. Комиссияның жиналысына Астанадан келген ресми өкілдер қатысқан.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы мәселеге қатысты белгілі журналист Марат Тоқашбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікірін білдірді.

– Күйеуі мен балалары Қазақстанда тұратын әрі біздің елдің азаматы болып табылатын қазақ келіншегіне Үкімет орындарының көмектесе алмау не деген бишаралық?! «Босқын мәртебесі» берілмесе билік бір жылдың ішінде Сайрагүлді Қытайға қайта депортация жасауға тиіс. Сайрагүл Қытайдың қолына түссе түрмеде шірітеді, немесе өлтіріп тастайды. Яғни бұл оққа байлап беру деген сөз. Өз қазағына көмектесе алмау Қазақ үкіметі үшін масқара! Осындай шешім қабылдаған комиссия мүшелерінің толық аты-жөнін білгіміз келеді. Ең болмаса Қазақ елі «ұлт сатқындарының» аты-жөндерін біліп қалсын! Ал Сайрагүлді Қытайдың тырнағынан қалайда құтқарып қалуымыз керек. Халықаралық ұйымдардың ықпалына жүгінейік. Басқа шараларын көрейік. Қазақстан бермесе, «Босқын мәртебесін» Германия береді. Осы жағын да ойластырып көрейікші!!! – деп жазды журналист өзінің фейсбуктегі парақшасында.




Осыған ұқсас:

  1. Сайрагүл Сауытбай: Балапандарын аңсап жеткен ананың тағдырына араша түсіп – екінші ғұмыр сыйладыңыздар
  2. Қытайдан 6 жыл бұрын келген қазақтар әлі күнге дейін азаматтық ала алмай жүр
  3. Европа адам құқықтарын қорғау ұйымы Елбасынан Сайрагүл Сауытбайға араша сұрады
  4. Министр: Қытай 625 этникалық қазақ үшін шектеуді тоқтатуы мүмкін
  5. Қазақтар Астанадағы Қытай консулдығының алдына жиналып, қамаудағы туыстарын босатуды талап етті
  6. Қытайда 9 ай мырзақамақта болған ҚР азаматы Үйсін Бабан елге оралды

Facebook арқылы пікір жазу



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. қазақ 11 Қазан, 2018, 10:13

    Ынжықпыз, бір әйелді қазақ елі болып қорғай алмаймыз, ұят, масқара! Абай данышпанымыз, біздің қандай ұлт екенімізді тура сипаттаған: өсек, өтірік, мақтаншақ деп, оған ренжитіндер тағы бар, Ал кайдасыңдар? Қазақпын деп кеуде соғатындар!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.