Форумдар, буклеттер туризмді дамыту мәселесін шеше алмайды – Тоқаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында туризмді дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізу қажеттігін атады, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

«Туризмді экономиканың табыс көзі мол саласына айналдыру үшін инфрақұрылымды кешендік және мазмұндық жағынан дамыту жұмыстарын жүргізу қажет. Шетел тәжірибелерінен үлгі алуға болады. Көрме-презентациялар, форумдар, буклеттер – мәселенің шешімі емес», - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.