"Ақ жол" жастары: Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі - БІЗ!

Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі - біз, ЖАСТАР! Әрбір жаңа істің басы-қасында жастар жүретіні айдан анық, сол үшін де халқымыз «Асыл тастан, ақыл жастан» деп, жастардың қоғам дамуындағы рөліне ерекше мән берген. Елдің тағдыры – біздің қолымызда. Сол үшін білім игеріп, ғылым қуып, өнер үйреніп, ерінбей еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет етеміз. Себебі, Елбасымыз Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев осы тұрғыдан жастарға қатты көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, сенім артып отыр. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, еш алаңсыз өскен біздерді әрдайым татулық пен тәңірден келген тәті сыйдың қадірін біліп, ел тұтқасын ұстар ұлтжанды ұрпақ болатынымызға еш күмән келтірмейді. Елбасының тікелей бастамасымен «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға», «Жас мамандар резерві», «Жастар саясаты» сынды мемлекеттік бағдарламалар өмірге келіп, жастардың қажеттілігін жетілдіру жолында жүзеге асқандығы белгілі. Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді отаншыл рухта тәрбиелеу, бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайын арналған Жолдауын жариялайды. 2018 жылдың 5 қазан күні кезекті Жолдауында Елбасы 2019 жылды «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» деп жариялансын деді. Біз, МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ бұл ұсынысты қолдаймыз.

«Ақ жол жастар» жастар қанаты