"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Махмұт Қасымбеков: Министрлер бір жылдың 100 тәулігін жиналысқа қатысумен өткізеді

Бүгін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Жолдау аясында еліміздің экономикалық әл-ауқатын арттыру, халықтың тұрмысын жақсарту секілді өзекті мәселелерді көтерді.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеріп, олардың жұмысын тиімді ету бойынша шаралар жасауды тапсырды.

Атап айтқанда, Назарбаев лауазымды қызметкерлердің жиналыстарға қатысуларын азайту керектігін айтты.

Осы орайда сөз алған Президент Кеңсесінің жетекшісі Махмұт Қасымбеков Қазақстан министрлері мен әкімдері бір жылдың 100 тәулігін жиналысқа қатысумен ғана өткізетінін айтты.

Елбасы барлық шенеуніктерге жиналыстар санын күрт азайтып, нақты жұмыспен ғана айналысуды тапсырды.




Осыған ұқсас:

  1. Елбасы зиялы қауым өкілдеріне Ақорданың төрінде дастархан жайды (фото)
  2. ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ШЕЖІРЕШІСІ

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.