"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Назарбаев шағын және орта бизнеске рақымшылық жасауды тапсырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев Ақордада өтіп жатқан биылғы жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнеске рақымшылық жүргізуді тапсырды, айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Үкімет көлеңкелі экономика айналымын үш жылда 40 пайызға дейін қысқарту бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Бизнес жұмысын жаңадан бастауы үшін, ақ қағаздан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіші және шағын бизнеске салықтық рақымшылық енгізуді тапсырамын», – деді Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында.

Ол сондай-ақ ол Экономикалық тергеу қызметіне қаржылық мониторинг комитетінің функциясын беру арқылы қайта ұйымдастыру керегін атап өтті.

«Мұндағы негізгі міндет көлеңкелі экономикамен күрес болуы тиіс. Біз қолма-қолсыз экономикаға қарай жылуымыз керек. Қолма-қол болса ол жерде пара алу, бұзушылық болады, экономика көлеңкеде қалып, салық төлемейді, зейнетақы қорына да, әлеуметтік қорға да ақша аудармайды», – деді ол.




Осыған ұқсас:

  1. Елбасы үлгі еткен «Бөрте-Милка» кешенді фермасы туралы не білеміз? (видео)
  2. АҚШ азаматы Қазақстан ІІМ генералын бизнесін тартып алды деп айыптады (ВИДЕО)
  3. Перуашев Үкіметке бизнесті дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды
  4. БИЗНЕСКЕ БҰҒАУ ЕМЕС, ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
  5. Азат Перуашев: Салық органдарының субсидиарлық жауапкершілікке деген көзқарасы нарық қағидатына қайшы келеді 
  6. Сағынтаев: Қаржы бар – игерілмейді, сұраныс бар – шешімін таппаймыз

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Құлан 13 Қазан, 2018, 14:39

    Өте орынды.

  2. Құлан 13 Қазан, 2018, 14:39

    Бизнес дамыса ел экономикасы да жақсарады

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.