Мемлекеттік тілге миы жетпейтін адам қалайша "халық қалаулысы" бола алады?

Алматы қаласында өңірлік сайлау комиссиясы жиын өткізді. Қалалық мәслихат депутаттығынан түсіп қалған азаматтардың орнына жаңа депутаттарды сайлаудың, сол сайлауды өткізудің күнтізбелік жоспары мен бекітілген кандидаттар тізімі таныстырылды. Бұл жиынға Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова, аймақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Айгүл Қалықова, комиссияның хатшысы Құралай Күмісбаева қатысты.

Қалалық сайлау комиссиясы төрайымы Жанна Бейсентайқызының айтуынша, депутаттықтан дәмелілердің  дені кәсіпкер. 1 үміткер мектеп директоры болса, тағы біреуі психолог екен. 9 кандидаттың ішінде 40 жасқа толмаған (32-34 жас аралығы) – 5 адам, 60 жасқа толмаған (53-56 аралығы) – 2 адам және 60 жастан асқан – 2 адам бар екен.  Бұл азаматтардың барлығы дерлік Алматы қаласының тұрғындары.

Міне, тізімі:

1. Кузьменко Сергей Николаевич. Кәсіпкер. Ұлты – орыс. Жетісу ауданына түскен.

2. Мустафаева Сиявуша Аширдиновича. Кәсіпкер. Түркісіб ауданынан түскен.

3. Джегурда Борис Вальеревич. Кәсіпкер. Түркісіб ауданынан түскен.

4. Грачев Михаил Владимирович. «Нұр Отан» мүшесі. Ұлты – орыс. Түркісіб ауданынан түскен.

5. Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы. «Нұр Отан» мүшесі. Ұлты – қазақ. Түркісіб ауданынан түскен.

6. Чиликбаева Асхат Қашқынбайұлы. «Нұр Отан» мүшесі. Ұлты – қазақ. Жетісу ауданына түскен.

7. Жұмагүл Кәмілқызы. Мектеп директоры. Ұлты – қырғыз. Жетісу ауданынан түскен.

8. Ләззат Майкенқызы. Ұлты – қазақ. Түркісіб ауданынан түскен.

9. Степан Юриевич. Ұлты – татар. Түркісіб ауданынан түскен.

[caption id="" align="alignleft" width="383"] Жанна Асанова[/caption]

Жиынға қатысты журналист Н. Әбдіғаниұлы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Бейсентайқызынан кандидаттардың этникалық құрамы жөнінде сұрады.

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңнамаларына сәйкес, Қазақстанның кез келген азаматы мәслихатқа депутат болу үшін сайлауға түсе алады. Бұл – азаматтардың жеке құқы. Оның ұлтына, дініне немесе нәсіліне қарай сайлану құқынан айыра аламаймыз. Заң бойынша 20 жастан жоғары азаматтар кандидат ретінде тіркеле алады. Әрі қарай,  ол кандидаттың дауыс жинауына байланысты. Халық дауыс берсе, ол өтеді. Тек Қазақстан азаматы болуы міндетті. Ал мәслихатқа түсу үшін сол қалалың тұрғыны болуы керек», - деді Асанова.

Жанна Бейсентайқызы "мәслихат депутаттарына Мемлекеттік тілді білу керек пе?" деген сауалға да жауап берген екен.

«Білесіз бе, Мемлекеттік тілді білу емтиханы Мәжіліс депутаттарына қойылады. Ал Мәслихат депутаттарына қойылмайды», - деп жауап берді Жанна Асанова.

Сонымен, Мәслихатқа бару үшін этникалық құрамның дисбалланстығынан бөлек, мемлекеттік тілді білу де міндетті емес екен. Иә, Мәслихатқа бару үшін мемтілді білмесең де болады. Жанна ханым айтты. Мемлекеттік тіл емтиханы талап етілмейді екен. Сонда қалай?

Бізше болғанда, мемлекеттік тілді білу талабы мемлекеттік қызметтің барлық саласына міндетті болуы керек-ті.  Ол мемлекеттік тіл ғой.

Әйтсе де, бұл біз үшін жаңалық емес. Мәслихатқа бару үшін қазақ тілін білмесең де болады деп күңкілдейміз. Бұл Мәслихаттың ғана дерті емес. Астана ана тілінан алжып жатқанда, Алматыдан не сұрайсың...

Қазақстанда қазақ тілі халыққа ғана, сіз бен бізге ғана керек.  Ал маргиналданған саяси элита үшін мемлекеттік тілді білмесең де болады. Тек биліктің пәтуасынан жаңылмасаң болды.

Дереккөз:  Аbai.kz