ЖЕР ДАУЫ! Жайылым жерлерінен айырылған халық митингіге шықты (ВИДЕО)

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты, Асысаға ауылының тұрғындары наразылыққа шықты. 450 түтіні бар ауыл - «жайылым жерлерімізге қожайыны шетелдік болуы мүмкін компания қол салды. Ал оларға 300 гектар жерді шенеуніктер сатты» деп ашулы.

- Инвесторлар мәшінелерін әкеп тіреп тастады, ешкіммен ақылдаспай. Біз деген халықпыз ғой, жаным-ау! Келіп тым құрыса халықпен ақылдасса, біз жынды емеспіз ғой, - деп ашуланды ауыл тұрғыны Сейсенбай Зекенұлы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылдағы жайылым жердің 70 пайызы бір ғана адамның қолында.

- Совхоздың жерлерінің 70 пайызы бір ғана адамның қолында. Жанкелді Осанұлы деген кісінің атында. Сол кісілердің істеп отырған жұмысы бұл. Ол облыстық мәслихат депутаты. Ол кісінің өз атында емес, ағайындарының атында, - деді ауыл тұрғыны.