ЖЕР ДАУЫ! Жайылым жерлерінен айырылған халық митингіге шықты (ВИДЕО)
– Инвесторлар мәшінелерін әкеп тіреп тастады, ешкіммен ақылдаспай. Біз деген халықпыз ғой, жаным-ау! Келіп тым құрыса халықпен ақылдасса, біз жынды емеспіз ғой, – деп ашуланды ауыл тұрғыны Сейсенбай Зекенұлы.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылдағы жайылым жердің 70 пайызы бір ғана адамның қолында.
– Совхоздың жерлерінің 70 пайызы бір ғана адамның қолында. Жанкелді Осанұлы деген кісінің атында. Сол кісілердің істеп отырған жұмысы бұл. Ол облыстық мәслихат депутаты. Ол кісінің өз атында емес, ағайындарының атында, – деді ауыл тұрғыны.
Жер халыққа қайтарылсын. Жерді саудаға салғандарды соттау керек.