Қазынаға қолды сұғып жібергендер кәдімгідей қор жинаған болуы керек - журналист

Ауылда бір апалар болады. Аннан келген бұлды, мұннан келген матаны сандыққа сала береді. Қоржыннан шыққан кәкір –шүкірді де. Әйтеуір бір қажетке жарар деп. Не керегіне жаратпайды. Таусылып қала ма деп. Не біреуге бермейді, мүмкін қимастығы ұстап. Содан әлгі заттар сандық түбінде жатады. Не айналымда жоқ. Апаға да берері шамалы. Сондағы бар қанағат – өзімдікі деп малдану ғана.

Қазір да қазынаға қолды сұғып жібергендер кәдімгідей қор жинаған болуы керек. Табысы бүгінгінің сандығы – сейфтерде. Банктерге сала алмайды. Қайтуы мұң. Шетке шығара алмайды, заңдасуы қиын. Зекет ретінде таратайын десе, иманы әлсіз. Кембағалға көмек көрсетейін десе, қараулық басып алған. Олар да баяғы апа секілді шірісе де өз ақшам деп шіреніп жататын болар, ә.

Айтайын дегенім. Кісіге көп керек пе? Аздың есебінің өзі қиын көрінеді ғой...

Аманғали Сейітқанов, Фейсбук парақшасынан Автоматический альтернативный текст отсутствует.